“Реал” Алматыда “Қайратқа” қарсы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясындағы ойын алдындағы өтінішінде газонды қайта қырқуды талап еткен.
ERNUR.KZ. Испандық БАҚ-тың жазуынша, мадридтік “Реал” футболшылары Алматыдағы Орталық стадионның газонын қысқартуды сұрап, УЕФА-ға өтініш жасаған, деп жазады baq.kz.
Diario Madridista басылымының дерегінше, “Реал” Алматыда “Қайратқа” қарсы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясындағы ойын алдындағы өтінішінде газонды қайта қырқуды талап еткен. Алайда бұл өтінішті УЕФА қабылдамаған. Басылым мәліметінше, ол кезде газонның биіктігі 25 миллиметр болған.
“Реал” әдетте шөбі 20-22 миллиметр болатын алаңда ойнайды. Соңғы маусымдардағы ең биік газон – 27 миллиметр – мадридтіктер сырт алаңда “Хетафеге” қарсы ойнаған кезде тіркелген.
УЕФА газонды қайта қырқуға рұқсат бермеген, себебі қазіргі биіктігі регламентке сай. Еуропалық футболдың жоғарғы органы қонақ команданың өтініші бойынша алаң иелеріне шөпті төмендетуді міндеттей алмайды, егер ол 30 миллиметрден аспаса.
"Реал" дүйсенбіге қараған түні Қазақстанға ұшып келді. Мадридтен сапар шамамен 11 сағатқа созылды. Әлемге атақты футболшыларды Алматы әуежайында қазақы қонақжайлықпен қарсы алды.
Айта кетейік, командалар УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турында кездеседі. Матч бүгін, яғни 30 қыркүйекте, Алматыдағы Орталық стадионда қазақстандық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” кездеседі. Ойын жергілікті уақыт бойынша сағат 21:45-те басталады.