Мұны отбасын құрмай тұрып қалай білуге болады?
Сурет: ЖИ
Жастарға немесе отбасын құруға дайындалып жүрген оқырмандарға ерекше ескертуіміз бар. Үйленуге шешім қабылдамай тұрып, «болашақ өмірлік серігім» деп таңдаған жанның туған күнін есептеңіз. Нумерология арқылы оның мінез-құлқындағы жасырған теріс жақтарын, өмірде қиындық тудыруы мүмкін қауіпті қырларын жорамалдай аласыз. Әсіресе, туған күнінде мынадай кодтар шықса, айрықша сақ болыңыз. Өйткені олар қауіпті бейімділіктерді көрсетеді.
Есептеу жолы
Алдымен туған күн, ай, жылдың барлық цифрларының қосындысын аламыз. Әдетте екі таңбалы сан шығады, жазып қойыңыз.
Келесі кезекте сол санның цифрларының қосындысын шығарып, алдыңғы екі санның соңына тіркеп жазамыз. Мысалы: бастапқы сандар – 13 болса, соңғы сан – 4 (1+3=4). Ал шығатын қорытынды код – 134.
Код: 134 – ОЙЫНҚҰМАРЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘУЕКЕЛ КОДЫ
Карта, казино және түрлі тәуекелді ойындарға құмарлықты аңғартады. Өз мүддесі үшін манипуляция жасауға және жағдайға қарай құбылуға бейім келеді.
Болмысындағы осы басымдықты дұрыс арнаға бұруға тырысқаны жөн. Қолынан келсе, сөз шешендігіне, тіл табысуға және журналистика немесе медиа саласына деген үлкен дарынға ие болады.
Код: 404 – АФЕРИСТ ЖӘНЕ МАНИПУЛЯТОР БЕЛГІСІ
Кез келген адамды кез келген нәрсеге оңай сендіре алатын қабілетке ие. Өз пайдасы үшін өтірік айтудан тайсалмайды, шебер манипулятор. Осы басымдығын қолданып ақша табуды қаласа, алаяққа айналып, талайды сан соқтыруы мүмкін.
Кей адамдар бұл энергияны адал жолда ғана қолдану принципін ұстанады. Осы ұстанымға берік бола алса, олардан мықты сатушы, көшбасшы оратор немесе танымал саясаткер шығады.
Код: 202 – БАЙЛЫҚ ПЕН ҚАТЫГЕЗДІК БЕЛГІСІ
Бұл адамдарда байлық энергиясы бар. Сондықтан қолында үлкен кәсіп, қомақты қаржы тұрақты түрде айналады. Алайда рухани құндылықтары дамымай, кенжелеп қалса, байлық энергиясы қатыгездік қасиетімен сабақтасып кетеді. Нәтижесінде сатқындыққа, қатыгездікке және кек сақтауға бейім адамға айналады. Ал рухани тепе-теңдікті сақтауға көңіл бөлсе, білікті бизнесмен, табысты жан және сенімді серіктес болады.
Код: 358 ЖӘНЕ 505 – ІШІМДІК ЖӘНЕ ТӘУЕКЕЛДІЛІК
Негізінде бұл – ерекше дарынды адамдардың кодтары. Дегенмен, оларда өмірлік ауыртпалықтарға төтеп беру қабілеті көбіне әлсіз келеді. Салдарынан зиянды әдеттер мен алкогольге тәуелділікке ұрынып қалу қаупі жоғары.
Табиғи дарыны мен эмпатиялық қасиеті, көріпкелдік деңгейіндегі интуициясы бар. Осының бәрін дұрыс арнада қолдануға күш салғаны абзал. Сонда өнерге деген сезімталдық және адамдарға шынайы жанашырлық таныту қабілеті шыңдалады.
Код: 707 – КОРОЛЬДІК БАҚЫТ ЖӘНЕ ҚАУІПТІ ТӘУЕКЕЛ
Мұндай жандардың жолы әрдайым ашық. Күтпеген жерден сыйлықтарға тап болады. Қателіктері оңай кешіріліп кетеді. Осыған арқа сүйеп, шектен шығып кетсе, криминалдық ортаға немесе заңсыз әрекеттерге белшесінен бату қаупі бар. Ал әр қадамын алдымен ішкі таразыға салып барып әрекет етсе, жоғары күштердің қорғауы тоқтамайды. Сәттілік пен тосын сыйлар да толастамайды. Өмірден орны мен жолын оңай табатын жанға, көшбасшыға айналады.
Код: 808 НЕМЕСЕ 888 – ТИРАН ЖӘНЕ ДЕСПОТ
Отбасылық өмірдегі қаупі – өктемдікке, билік жүргізуге тырысу. Үйдегі барлық адамды, жағдайды толық бақылауда ұстамаса, көңілі тыншымайды. Некеде «Тек менің айтқаным болуға тиіс!» дегенді қатаң ұстанады. Ықтимал тәуекелдер – физикалық немесе психологиялық қысым, басыну және қаржылық бақылау.
Жоғарыда айтылғанның бәрін ақылмен, орнымен және мөлшерімен қолдануға шеберлігі жетсе, жақсы. Онда отбасын ештеңеден тарылтпайтын, жауапкершілікті отағасы болуы мүмкін. Сенімді қорғаушы және мықты басшы болуы да ықтимал.
Код: 101 НЕМЕСЕ 1111 – НАРЦИСС ЖӘНЕ ЭГОИСТ
Ол отбасының әр мүшесі үшін ойланбайды. Тек өз мүддесін, өзінің қалауын ғана бірінші орынға қояды. Эмпатиясы төмен. Жұбайының эмоциясын, ішкі жағдайын немесе шаршағанын түсінуге тырыспайды.
Бұл айтылғандарды жеке өмірде емес, мансап жолында пайдаланса, мақсатшыл, биікке жететін тұлға қалыптасады.
Код: 606 НЕМЕСЕ 666 – ТҰРАҚСЫЗДЫҚ ЖӘНЕ САТҚЫНДЫҚҚА БЕЙІМДІЛІК
Өте қызба адам. Сезім жетегінде тез кетеді. Және нәпсісіне ие бола алмайтын тұрақсыздығы бар. Әсерінен көзбояушылық, опасыздық жасау ықтималдығы жоғары. Берген уәдеде тұрмау, отбасылық бюджетті ойланбай жұмсап жіберу олар үшін үйреншікті әдет.
Бірақ бұл кісілердің оң жақтары да жоқ емес. Өте сезімтал, романтик, өнер мен әсемдікті терең түсінетін шығармашыл тұлға.
Код: 909 НЕМЕСЕ 999 – ТҰЙЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫ САЛҚЫНДЫҚ
Тым тұйық, өз ішкі әлемінен шығуы қиын. Сезімін сыртқа шығармайды, жақсы көретінін білдірмеуге тырысады. Отбасында дау-дамай туындағанда ашық сөйлесуден қашып, үнсіздіктен қамал тұрғызып алады. Осындай іс-әркеттермен эмоционалды түрде алыстап кету, сыр бөліспеу, депрессивті күйлер және арадағы жылылықтың жоғалуы орын алуы таңқаларлық емес.
Бір жағынан мұны басқаша да көруге болады. Мәселен, «Көп сөйлеп бәдіктенбейтін, терең ойлайтын, салмақты, жанұяда жанжал туғызбауға тырысатын парасатты адам» деп сипаттауға келеді.
Бұл кодтардың бір бөлігі ғана. Әр адамның туған күн цифрларын есептеу нәтижесінде жүздеген түрлі комбинация шығуы мүмкін. Барлық кодты бір мақалаға сыйғызу мүмкін емес. Ұсынғанымыз – адамдарда ең жиі кездесетін және қаупі болуы мүмкін қасиеттерді айқын көрсететін мысалдар ғана. Егер сізде бұл сандар шықпаса, қуаныңыз. Туған күн иесінің коды басқа энергияны немесе басқа сипатты көрсетеді деген сөз. Оны түсіну үшін нумерологиядағы негізгі цифрлардың мәніне сүйенуге болады.
Бұл кодтар – болашақ жарыңызға қойылған соңғы әрі нақты диагноз емес. Тек оның мінезіндегі ықтимал әлсіз тұстар. Бұл жүйе адамның өзін-өзі тануына, мінезіндегі кейбір әдеттердің себебін түсінуге және қабілетін дұрыс бағыттауға арналған көмекші құралдардың бірі.
Сандар адамның ішкі потенциалын көрсетеді. Бірақ оның тәрбиесі, өскен ортасы, өзімен жұмыс істеуі, рухани сусындауы бәрін өзгертуі мүмкін. Сандарға қарап сүйіктіңізден бірден бас тартпаңыз. Бірақ оның бойындағы осындай қырларына алдын ала дайын болып, байыппен қараңыз.
Аударған: Т. СЕЙІТХАН,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:
БАС БАРМАҒЫ майысқақ адамдар қандай болады?
Байқадыңыз ба, кинодағы ЗҰЛЫМДАР iPhone ҚОЛДАНБАЙДЫ
Балаңыз бақшада ТАЯҚ ЖЕП жүрген жоқ па? Ата-ана нені бақылауы керек?


