​Президент Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілеттігін кеңейтті

0
214


​Президент Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілеттігін кеңейтті

Фото: Ақорда

ERNUR.KZ. 2025 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ережеге өзгерістер енгізілді, деп жазады kaz.inform.kz.

Қыркүйек айының басынан бастап агенттікке жаңа міндеттер жүктелмек. Олардың қатарында:

мобилизациялық дайындық шаралары,

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылау,

мемлекеттік құпияларды қорғау,

мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты құқықтық актілерді әзірлеу.

Ал 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап агенттікке тағы екі функция беріледі:

салықтық жеңілдіктерді келісу,

көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шараларына қатысу.

Жарлық 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді, ал жекелеген нормалар — 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.