Петропавлда 51 жастағы ер адам әйелінің қолынан қаза тапты

0
128

Қайғылы оқиға 31 желтоқсан күні болған.


Петропавлда 51 жастағы ер адам әйелінің қолынан қаза тапты

Фото: © istockphoto.com

ERNUR.KZ. Петропавл қаласында тұрмыстық жанжал салдарынан 51 жастағы ер адам қаза тапты. Қайғылы жағдай 31 желтоқсан күні таңертең Солтүстік Қазақстан облысындағы Ғабит Мүсірепов көшесінде орналасқан жеке үйлердің бірінде тіркелген. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Алдын ала нұсқа

Алдын ала мәліметке сәйкес, 43 жастағы әйел мен оның азаматтық жұбайы алкогольдік ішімдік ішіп отырған кезде өзара жанжал туындаған. Қақтығыс барысында ер адам пышақ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмған.

Әйелдің айтуынша, дау кезінде ер адам пышақты өзі ұстаған, алайда ол қаруды жұлып алып, соққы жасаған. Қазіргі таңда бұл деректер тергеу барысында тексеріліп жатыр.

Қылмыстық іс қозғалды

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.