Перизат Қайрат Палестинаға ақша жіберген бе? – прокурор жаңа дерек айтты

0
154

Перизат Қайрат кінәсін мойындамаған.


Перизат Қайрат Палестинаға ақша жіберген бе? – прокурор жаңа дерек айтты

ERNUR.KZ. Астана сотында Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша тараптардың жарыссөзі өтіп, сотталушының бұған дейін жабық тәртіпте өткен тергеу барысында берген кейбір жауаптары жарияланды, деп жазады baq.kz.

Айыптауға сәйкес, Перизат Қайрат кінәсін мойындамаған. Ол сотта қаржының Палестина аумағына қолма-қол түрде жеткізілгенін айтып, себебін банктік аударым жасалған жағдайда ол әскери қақтығысты қаржыландыру ретінде бағалануы мүмкін еді деп түсіндірген. Қайрат осы уәжбен шетелге жиі шыққанын түсіндіруге тырысқан.

Алайда, құрметті сот, бұл сапарлар БАӘ-де қымбат сауда жасаумен қатар жүрген, – деді прокурор Арман Кезекен.

Тергеу деректеріне сәйкес, Перизат Қайрат пен оның анасы Палестина халқына гуманитарлық көмек көрсетуге арналған қайырымдылық науқаны аясында жиналған 559 миллион теңгені жымқырды деп айыпталып отыр.

Айыптаушылардың айтуынша, бұл қаражат кейін Rebel Flowers гүл салонын сатып алу арқылы заңдастырылған.

Бұған дейінгі сот отырыстарында зардап шеккендердің қатарында қайырымдылық қорларының өкілдері, кәсіпкерлер, педагогтер мен жұмыссыз азаматтар бар екені белгілі болды. Тергеу мәліметінше, "BizBirgemiz Qazaqstan 2030" қорына азаматтар өз еркімен 30 мыңнан 200 миллион теңгеге дейін қаражат аударған. Олардың ішінде Kaspi Bank тарапынан аударылған 620 миллион теңге де бар.