​Перизат Қайрат анасын ортаға салып, 23 млн теңгеге гүл бизнесін сатып алған

0
73

Сот отырысында Rebel Flowers гүл бизнесінің бұрынғы иесі Ләйлә Троицкая жауап берді.


​Перизат Қайрат анасын ортаға салып, 23 млн теңгеге гүл бизнесін сатып алған

Коллаж: Kazinform

ERNUR.KZ. Астанада Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты 3,5 млрд теңге көлемінде қайырымдылыққа жиналған қаржыны жымқыру дерегі бойынша өтіп жатқан сот процесі жалғасып жатыр, деп жазады inform.kz.
Сот отырысында Rebel Flowers гүл бизнесінің бұрынғы иесі Ләйлә Троицкая жауап берді.
Оның айтуынша, өзін Ғайни Алашбаева (Перизат Кайраттың анасы) деп таныстырған әйел қоңырау шалып, дүкенді сатып алуды ұсынған. Алайда Ләйлә Троицкая келіссөз жүргізу және есеп айырысуды тікелей Перизат Кайратпен жүргізген.
Куәгер келтірген мәлімдемеге сәйкес, Перизат Қайрат гүл бизнесін 23 миллион теңгеге сатып алған, оның ішінде:
- 2 миллион теңгені басында аударған;
- 10 миллион теңгені қолма-қол берген;
- 11 миллион теңгені онлайн аударым арқылы төлеген.
Сондай-ақ Talan Gallery өкілдерімен де кездесулер болған. Нәтижесінде бизнес Перизат Кайраттың атына рәсімделген.
Бұған дейін «Асар-Үме» қорының президенті Асхат Нұрмашев күдікті Перизат Қайратқа 200 млн теңге аударғанын айтты.
Сондай-ақ танымал блогер Олжас Садық сотта куәлік ету барысында Перизат Қайратқа 83,5 млн теңгеге алданғанын айтты.
Айта кетсек, Үкімет басшысы Олжас Бектенов Перизат Қайраттың үстінен қозғалған іске қатысты пікір білдірді.