​Педофилдерге қатысты химиялық кастрация тәртібі өзгеруі мүмкін

0
163

Құжатта көрсетілгендей, жаңа ережелер сексуалдық сипаттағы қылмыстардың қайталануын алдын алуға бағытталған.


​Педофилдерге қатысты химиялық кастрация тәртібі өзгеруі мүмкін

Фото: Baq.kz архив

ERNUR.KZ. Қазақстанда кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық сипаттағы қылмыс жасаған адамдарға қатысты химиялық кастрацияны қолдану ережелері күшейтілуі мүмкін, деп жазады BAQ.KZ.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген тиісті түзетулер жобасы «Ашық НҚА»порталында жарияланып, 18 тамызға дейін көпшілік талқылауына ұсынылған.

Құжатта көрсетілгендей, жаңа ережелер сексуалдық сипаттағы қылмыстардың қайталануын алдын алуға бағытталған. Атап айтқанда, түзету мекемелерінің әкімшілігі сот-психиатриялық сараптама тағайындау мақсатында сотқа материалдарды жазасын өтеу мерзімі аяқталуына 12 ай қалғанда жолдауы тиіс. Ал химиялық кастрация шарасы сот шешімімен бостандыққа шығуға алты ай қалғанда қолданылатын болады.

Еске салайық, Қазақстанда химиялық кастрация 18 жастан асқан, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы ауыр қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты қолданылады.