15 тамызға қараған түні Павлодар алюминий зауытының гидрометаллургиялық цехында жұмыс жүргізу кезінде екі қызметкерге сілтілі төгілген, деп жазады pavlodarnews.kz.
Зардап шеккендер қалалық аурухананың күйік бөліміне жеткізілді. Олардың бірі жалпы палатада, екінші қызметкер реанимацияда емделді.
Айта кетейік, мемлекеттік органдарға оқиға туралы хабарланды.
Бұл іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.