​Павлодарда тұрғын үйдің терезесінен құлаған әйел жан тапсырды

0
113

Облыс орталығында жасы 30-дар шамасындағы әйел адам биіктен құлап көз жұмды.


​Павлодарда тұрғын үйдің терезесінен құлаған әйел жан тапсырды

Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform

ERNUR.KZ. Қайғылы оқиға өткен түнде тіркелген. Полиция аталған жазатайым дерек бойынша тексеру шараларын жүргізіп жатыр, деп жазады inform.kz.

Облыс орталығында жасы 30-дар шамасындағы әйел адам биіктен құлап көз жұмды.

— Шақыру 24 тамыз күні сағат 22:06–да түсті. Назарбаев көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінен әйел адам құлаған. Оқиға орнына шұғыл барған медицина қызметкерлері жасы шамамен 30-35-тегі белгісіз әйелдің ауыр жарақаттар алып, көз жұмғанын анықтады, — деп хабарлады өңірлік жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметінен.
Павлодар облысы полиция департаменті жазатайым оқиғадан қайтыс болған әйелдің жеке басын, оқиғаға не себеп болғанын анықтап жатыр.