Ақпаратты Павлодар облыстық полиция департаменті де растады.
Фото: pixabay
ERNUR.KZ. Павлодардағы №11 мектепте күзгі бал кезінде мұғалім мен оқушы арасында жанжал туындады, деп жазады Skifnews.kz.
Оқиға туралы ақпарат Telegram-арнада жарияланған. Белгілі болғандай, акт залында өткен шара барысында мұғалімнің ескертуінен кейін 9-сынып оқушысы әйел ұстазды мойнынан қысып, біраз уақыт бойы тұншықтырған. Кейін оқушы мұғалімді жіберіп, залдан шығып кеткен.
“ №11 мектепте болған оқиғаны растаймыз. Құқық қорғау органдары ата-анаға қатысты әкімшілік хаттама толтырды, іс материалдары сотқа жолданды”, – деп хабарлады Павлодар қалалық білім бөлімі.
Ақпаратты Павлодар облыстық полиция департаменті де растады.
Ведомствоның мәліметінше, оқиғаға байланысты тексеру жүргізілген, ал оқушының әрекеті кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қаралатын болады.