Ол үш күндік нәрестені 800 мың теңгеге бағалаған.
фото: Sputnik / Владимир Астапкович
ERNUR.KZ. Павлодар облысында жаңа туған нәрестесін сатпақ болған әйел ұсталды, деп жазады sputnik.kz.
Түркістан облысының 23 жастағы тұрғыны жүктіліктің соңғы кезеңінде әлеуметтік желілер арқылы әдейі сатып алушылар іздеген. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері оны ұстаған.
"Әйел босанғаннан кейін үш күндік нәрестені 800 мың теңгеге бермек болған. Дәл осы сәтте ол қылмыс үстінде ұсталды", - дейді полиция.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жаңа туған қыз бала дәрігерлердің бақылауында, оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.


