Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберген бала ауруханадан шықты

0
237

30 шілде ана екі баланы лақтырып, біреуі мерт болған еді.


Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберген бала ауруханадан шықты

Фото: Pixabay.com

ERNUR.KZ. Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберіп, тірі қалған жеті жасар бала ауруханадан шығарылды, деп жазады stan.kz.

30 шілде ана екі баланы лақтырып, біреуі мерт болған еді. Тірі қалған науқас ауруханадан шықты.

"Динамика оң, жағдайы қанағаттанарлық. Бір ай бойы қатаң төсек режимін сақтап, тұрғылықты жері бойынша орталықта бір жыл бойы одан әрі оңалту қажет", – делінген хабарламада.

Баланың анасы ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр, бірақ есін жиды. Сынықтарына байланысты ота жасалды.

Еске салсақ, 30 шілдеде Павлодарда жантүршігерлік жағдай болды – 34 жастар шамасындағы әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынан өзі секіріп кеткен.