Павлодар облысының тұрғыны автоцистернаға құлап, көз жұмды

0
305

​Қайғылы оқиға 8 шілдеге қараған түні болған.


Павлодар облысының тұрғыны автоцистернаға құлап, көз жұмды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Павлодар тұрғыны қаза тапқан қайғылы жағдай бойынша полиция тексеріс жүргізіп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«8 шілдеге қараған түні Павлодар – Қызылорда автожолындағы Береке мен Төртқұдық ауылдарының арасында MAN маркалы седельді тартқыштың автоцистернасында жүргізуші қаза тапты», – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам бензин құю үшін цистернаға шығып бара жатып, құлап кеткен.