Павлодар облысында жантүршігерлік апат: екі адам қаза тапты

0
110

Жол апаты автожолдың 110-шақырымында, Құлакөл ауылының маңында болған.


Павлодар облысында жантүршігерлік апат: екі адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Павлодар – Қызылорда автожолында орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Апат салдарынан екі жолаушы көз жұмып, тағы екі адам жарақат алған, деп жазады baq.kz.

Павлодар облысының полиция департаменті мәліметінше, жол апаты автожолдың 110-шақырымында, Құлакөл ауылының маңында болған. Toyota Camry маркалы автокөліктің жүргізушісі Shacman маркалы жартылай тіркемесі бар жүк көлігімен соқтығысқан.

Полицияның түсіндіруінше, көріну шектеулі болған жағдайда жеңіл автокөлік жүргізушісі арақашықтықты сақтамаған.

Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, - деп атап өтті Павлодар облысы полиция департаментінде.