Павлодар облысында тұрғын үйде ер адам өртеніп кетті

0
207

Үш әйел құтқарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.


Павлодар облысында тұрғын үйде ер адам өртеніп кетті

© Photo : Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті

ERNUR.KZ. Павлодар облысы Екібастұзда жеке тұрғын үй өртенді, зардап шеккендер бар, дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті, деп жазады sputnik.kz.

Өрт сөндірушілер үйден үш әйелді құтқарды, бір адамның мәйіті табылды. Қайғылы оқиға 8 қаңтар сағат 20:30 шамасында болған.
"Үш әйел құтқарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. 1984 жылы туған ер адамның денесі табылды. Өрт сағат 21:37-де толығымен сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады өрт сөндірушілер.
Төтенше жағдай мамандары өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті.