Пастафариандық 2005 жылы АҚШ-та пайда болған пародиялық дін.
Фото: commons.wikimedia.org
ERNUR.KZ. Қазақстанда Пастафариан атты жаңа діни ұйым пайда болмақ. Олар елімізде заңды түрде тіркелуі үшін арнайы өтініш білдірген, деп жазады stan.kz.
Пастафариандық деген не?
Пастафариандық 2005 жылы АҚШ-та пайда болған пародиялық дін. Ол Жерді, тіршілікті және адамды Құдай жаратты деген түсінікті мектеп бағдарламасына енгізуге қарсылық білдіру үшін пайда болған. Олардың басты "құдайы" спагеттиге ұқсайтын түрлі қасиеттерге ие, мифтік бейне.
Фото: superepicfailpedia.fandom.com
Пастафариандардың өз "қасиетті кітабы" бар. Ол "Ұшатын спагетти құбыжығы Інжілі" деп аталады. Ал басты атрибут кәрзеңке сүзгі. Оны наным иелері басына киіп жүреді.
Пастафариандардың негізгі өсиеттері "Жақсырақ болар еді, егер сен…" деген сөздерден басталады. Олар әзіл арқылы адамдарды мейірімді болуға, өзгелерді сырт келбетіне қарап бағаламауға, салтанатты ғибадатханаларға артық ақша шашпауға үндейді.
"Бізді сектамен шатастырады"
Қазақстандағы танымал пастафариандардың бірі Андрей Нагин. Кәсіпкер әрі сыр жасайтын ол достары арасында Макарон құбыжығының ізбасары ретінде танымал.
"Бізді кейбір адамдар түсінбей, сектамен шатастырады. Шын мәнінде, пастафариандар көңілді, ашық-жарқын адамдар. Біз бір-бірімізбен араласамыз, бірге уақыт өткіземіз. Әрқайсысы өз жұмысын істейді, өз саласының маманы. Біз жай қызығушылықтары ортақ қауымдастық сияқтымыз", – дейді Андрей.
Пастафариандардың қасиетті күні жұма. Бұл күні олар жиналып, pasta жеп, әңгімелеседі.
"Легализацияға жұмыс істеп жатырмыз"
Тағы бір белсенді пастафариан Всеволод Мальцев. Ол Алматыдағы бейресми пастафариандар қауымын басқарады әрі шаштараз қызметін атқарады.
"Бір кездері интернеттен осындай дін бар екенін білдім. Сайтқа кіріп, пастафариан екеніңді растайтын сертификатты алуға болады екен. Қазір біз Қазақстанда ресми тіркеуден өту үшін жұмыс істеп жатырмыз", – дейді ол.
Всеволодтың айтуынша, қыркүйек айының басына дейін Орталық дінтану орталығынан жауап келуі тиіс. Егер оң шешім шықса, пастафариандық діни сараптамадан өтіп, тіркелуі мүмкін.
Сарапшылар не дейді?
Теолог Расим Челидзе пастафариандық сенімді әзіл-сықақ ретінде қарастырады. Бірақ оның философиялық астарын жоққа шығармайды.
"Пастафариандық идеясы дүниені Макарон құбыжығы мас күйінде жаратқан деген сарказмға құрылған. Бұл басқа діндерді мазақ етпейді. Керісінше, Бертранның "Рассел шәйнегі" сияқты философиялық мысалға негізделген", – деді теолог.
"Рассел шәйнегі" – британдық философ Бертран ұсынған тәжірибе. Ол 1952 жылы Жер мен Марстың арасында Күнді айналып жүрген көзге көрінбейтін кішкентай фарфор шәйнекті елестетуді ұсынатын тәжірибе жасап шыққан. Оның сөзінше, шәйнекті ешкім көрмейді, өйткені ол тым кішкентай. Бірақ соған қарамастан кейбіреулер оған сенеді. Бұл мысал, бір нәрсені жоққа шығара алмау, оның бар екеніне дәлел бола алмайды дегенді түсіндіреді.
"Адамның сеніміне ешкім тыйым сала алмайды. Оны тартып та ала алмайды. Ол адамның ішкі дүниесінде болатын құбылыс. Бірақ белгілі бір шектеулер болуы тиіс. Сенімге келгенде насихат, не зорлап таңу қажет емес", – деді теолог.
Ал дінтанушы Олег Синяков әлемде басқа да әзіл діндердің бар екенін айтты.
"Мысалы, джедаизм (жұлдызды соғыстардағы кейіпкерлерге сенім), Толкин шығармаларындағы эльфтерге сену немесе футболшы Диего Марадонаға арналған шіркеу бар. Егер Қазақстанда пастафариандар ресми тіркелсеол тағы бір дін ретінде мойындалады. Біз де оны зерттеп, қалған 18 конфессия сияқты қарым-қатынас орнатамыз. Егер тіркелмесе амал жоқ", – деді ол.
Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда пастафариандықты заңдастыру қоғамның әзілді мәдени және әлеуметтік жауапкершілікпен қабылдай алуына байланысты.