Парламент палаталарының соңғы бірлескен отырысы басталды

0
230

Президенттің қатысуымен Парламент палаталарының соңғы бірлескен отырысы басталды.


Парламент палаталарының соңғы бірлескен отырысы басталды

ERNUR.KZ. Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды, деп жазады baq.kz.

Бұған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойған болатын. Құжатқа сәйкес, бірлескен отырыс 2026 жылғы 30 маусым күні сағат 11:00-де Астанада өтеді.

Жиында Президент сөз сөйлеп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы міндеттерге қатысты маңызды мәселелерге тоқталады.

Еске сала кетейік, 1 шілдеден бастап елімізде жаңа Конституция күшіне енеді. Соған сәйкес Парламент тарайды. Орнына Құрылтай құрылады. Ал Құрылтайға сайлауды өткізу тамыз айына жоспарланған.