Парапланмен ұшқан: Шымбұлақта әйелге құтқарушылар көмегі қажет болды

0
206

Әйел 1982 жылы туғаны хабарланды.


Парапланмен ұшқан: Шымбұлақта әйелге құтқарушылар көмегі қажет болды

ERNUR.KZ. Шымбұлақ курортында парапланмен ұшқан әйел қонған кезде жарақат алды, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға бүгін шамамен сағат 11:50-де болған. Әйел 1982 жылы туғаны хабарланды.

"109 жедел қызметінің пультіне шақырту түсті: Шымбұлақта, "Комби-1" станциясынан жоғары жерде парапланмен қонған кезде әйел жарақат алған. Алдын ала мәлімет бойынша, аяғы сынған. Көмекке жедел түрде "Тұйықсу" құтқару жасағы шықты", – деп хабарлады 109 құтқару қызметі.

Оқиға орнына жеткен мамандар зардап шеккен әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жарақаттанған аяғын шинамен бекітіп, тасымалдауды бастаған.

Шамамен сағат 13:00-де құтқарушылар әйелді "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортының медициналық пунктіне жеткізіп, дәрігерлерге тапсырды.