Бейне Алматыда түсірілгені анықталып, оқиғаға құқық қорғау органдары назар аударды.
Фото: Zakon.kz
ERNUR.KZ. 2025 жылғы 3 қыркүйекте Қазнетте блогердің өзін тірідей көміп, кейін әлеуметтік желіде тікелей эфирге шыққанын бейнелейтін видео тарады. Жағдайға қатысты Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді, деп жазады zakon.kz.
Оқиға туралы алғашқы ақпарат egovpress Telegram-арнасында жарияланды.
"Хайп үшін бәріне дайын аса танымал емес блогерлер тағы да шектен шықты. Солардың бірі өміріне қауіп төндіріп, өзін тірідей көміп, тікелей эфирге шықты. Біз полицияның алдын алу шараларын қабылдайтынына сенеміз", – делінген жарияланым сипаттамасында.
Аталған бейнежазба мен оның "кейіпкерлерінің" әрекеті қазақстандықтардың ашуын тудырды.
- сайқымазақтар
- саналары сонша төмен бе
- былай қарасаң ересек адамдар ғой...істеген ісіне қарасаң олай демейсің
- заңмен жазалау керек!
Бейне Алматыда түсірілгені анықталып, оқиғаға құқық қорғау органдары назар аударды.
"Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады", – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне.
Бұған дейін Әлеуметтік желідегі таныстық қазақстандық үшін ұрлық, мүлкінен айырылу және бірнеше несиемен аяқталғанын жазғанбыз.