Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев айтты.
Фото: tiek.kz
ERNUR.KZ. Оның сөзінше, ерлі-зайыптылар баласымен бірге 19 мамыр күні ғана Шымкенттен Алматыға көшіп келген, деп жазады inbusiness.kz.
Министр күйеуінің IT саласы бойынша жоғары, ал келіншектің техникалық білімі бар екенін жеткізді.
– Жұбайының 2 миллион теңгелік автонесиесі бар. Олар Шымкентте өте жақсы тұрады. Туған ағасы ломбард саласында жұмыс істейді. Ата-анасының да жағдайы жақсы. Сондықтан, олардың материалдық жағдайы жеткілікті деңгейде, – деді Асқарбек Ертаев.
Министрдің сөзінше, жастар басқа қалаға қоныс аударған кезде жұмыс табу үшін Мансап орталығына жүгінуі керек еді. Ол отбасы мүшелерімен байланысып, қыздың жұбайына IT саласы бойынша жалақысы жоғары бірнеше жұмыс ұсынғанын да айтып өтті.
Асқарбек Ертаев осы жағдайдан кейін курьерлерге бірыңғай талап енгізілуі мүмкін екенін алға тартты.


