Отандық ЖОО-ның ЖИ саласында әзірленген бағдарламалары әлемдік трендтерге сәйкес келеді

0
108

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2024 жылы оқу процесіне ЖИ-ді енгізу стандартын әзірлеп, бекітті.


Отандық ЖОО-ның ЖИ саласында әзірленген бағдарламалары әлемдік трендтерге сәйкес келеді

ERNUR.KZ. Құжатта «Жасанды интеллект негіздері» пәнінің мазмұны, ЖИ-ді пайдалану қағидаттары, білім берудегі ЖИ агенттерін пайдалану нысандары, профессорлық-оқытушылық құрам мен білім алушылардың рұқсат етілген қолданушылық аймақтары айқындалған. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің басқарма басшысы Рыскүл Құдыреттулаева ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Сонымен қатар ведомство жоғары білім берудің стандартына өзгеріс енгізді, яғни барлық білім беру бағдарламасына кәсіби міндеттерді шешу үшін жасанды интеллектіні қолдану бойынша құзыреттерді меңгеруге бағытталған пәндер енгізді.

«2025 жылдың наурыз айында Министрлік барлық білім беру бағдарламасында ЖИ бойынша курстар енгізу стандартына тағы да өзгеріс енгізді. Бүгінгі таңда ЖОО өздерінің білім беру бағдарламаларының мазмұнын қайта қарады және жеке пән түрінде немесе бейіндік пәндер бөлімдерінде ЖИ курсын енгізді», – деді спикер.

Әзірленген бағдарламалар әлемдік трендтерге сәйкес келеді. Мысалы, генеративті ЖИ, үлкен тілдік модельдер, компьютерлік көру, этика және реттеу, кванттық есептеулер қамтылған. Олар математикалық, сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ал, сабақ беретін педагогтар үшін 40-тан астам курс пен семинар өткізілді.