Өскемендегі колониялардың бірінде оқ атылды

0
103

Сотталғандар түрме ережесін бұзбақ болды, дейді Ұлттық ұлан.


Өскемендегі колониялардың бірінде оқ атылды

фото: Предоставлено Нацгвардией Казахстана

ERNUR.KZ. Қазақстанның Ұлттық ұланы әлеуметтік желіде тараған Өскемендегі түзеу колонияларының бірінде оқ атылғаны туралы хабарламаға түсініктеме берді, деп жазады sputnik.kz.
Күзетші тыйым салынған заттарды заңсыз алып өту әрекеті анықталғаннан кейін ескерту оғын атқаны белгілі болды.
"6699 әскери бөлімінің әскери қызметшісі сотталғандардың тыйым салынған аймаққа заңсыз өту әрекетін тоқтатып, тыйым салынған заттарды өткізуге жол бермеді", - деп жазылған хабарламада.
Қарауылдағы әскери қызметші бекітілген нұсқаулықтарға сәйкес құқық бұзушыларға ескерту жасап, оқиға жөнінде қарауыл бастығына хабарлаған.
"Заңды талаптардың орындалмауына байланысты аспанға ескерту оғы атылды. Жаза өтеу тәртібін бұзу фактісі дер кезінде тоқтатылып, оған қатысы бар сотталғандар қатаң режимдегі бөлімшеге ауыстырылды", - деп түйіндеді Ұлттық ұлан.