Өскеменде зейнеткер көлігін жүргізіп келе жатқан жерінде қысылып, көз жұмған

0
80

​Аяқ асты ауырған оны дәрігерлер құтқара алмаған.


Өскеменде зейнеткер көлігін жүргізіп келе жатқан жерінде қысылып, көз жұмған

Фото: ЖИ жасаған

ERNUR.KZ. Кеше, 25 желтоқсан күні Өскеменде 67 жастағы зейнеткер көлігін жүргізіп келе жатып, көз жұмған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, зейнеткердің жағдайы күрт нашарлаған.

«Suzuki маркалы көлікті жүргізіп келе жатқан 67 жастағы зейнеткердің жағдайы күрт нашарлап, көлік тоқтап қалған. Оның жанындағы жолаушы жедел жәрдем шақырған. Алайда, дәрігерлер келгенше зейнеткер көз жұмды», - деп хабарлайды ШҚО полиция департаменті.