​Өскеменде мерекелік шараның соңы жаппай улануға ұласты

0
173

Бірнеше адам ауруханаға жатқызылып, қалғандары амбулаториялық ем қабылдауда.


​Өскеменде мерекелік шараның соңы жаппай улануға ұласты

Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

ERNUR.KZ. Өскемен қаласындағы дәмханалардың бірінде өткен мерекелік шараға келгендер жаппай жедел ішек инфекциясымен ауруханаға түсті, деп жазады inform.kz.

ШҚО Ақпарат орталығының хабарлауынша, науқастарда жедел гастроэнтеритке тән белгілер байқалған. Атап айтқанда, жүрек айну, құсу, дене қызуының көтерілуі, іштің ауыруы және іш өту.

Бірнеше адам ауруханаға жатқызылып, қалғандары амбулаториялық ем қабылдауда.
Мамандар эпидемиологиялық тексеруді бастап кетті. Тағамдар мен судан сынама алынды.
Ауырған және олармен байланыста болған адамдардан сауалнама жүргізіліп, зертханалық тексерулер ұйымдастырылды.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханаға жатқызылғандардың басым бөлігінің жағдайы орташа ауыр деп бағаланған.
— Ешкімнің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Науқастарға қажетті ем жүргізіліп, жағдайлары оңалып келеді. Амбулаториялық ем қабылдап жатқан пациенттердің жағдайы қанағаттанарлық, олар дәрігерлердің бақылауында, — делінген ақпаратта.