Өскеменде кәсіпорын аумағында жарылыс болды

0
170

Оқыс жағдайға байланысты жедел штаб құрылды.


Өскеменде кәсіпорын аумағында жарылыс болды

Фото: Бейнежазбадан

ERNUR.KZ. Өскемендегі кәсіпорын аумағында жарылыс болып, артынша өрт шықты, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға Өскемен қаласындағы ЖШС-тердің бірінің аумағында тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, шаң ұстау цехындағы құрылғыда газ-ауа қоспасының жарылысы болып, кейін жану мен ішінара опырылу орын алған.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелері жедел жетіп, құтқару және барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазіргі уақытта жедел штаб құрылып, зардап шеккендердің бар-жоғы анықталуда. Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.