Өскеменде ақша бопсалаған полицейлер сотталды

0
114

Сотталушылар кінәсін мойындамады және оларды ақтауды сұрады, алайда сот үшеуін де кінәлі деп тауып, оларға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.


Өскеменде ақша бопсалаған полицейлер сотталды

ERNUR.KZ. 15 мамырда Өскемен қаласының № 2 соты Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлеріне үкім шығарды, деп жазады Zakon.kz.

YK-news.kz ақпаратынша, полицейлер жәбірленушіден ақша талап еткен, бермеген жағдайда арандатушылық бейнежазбаны тарататынын айтып, қорқытқан. Айыптау қорытындысында полицейлердің бопсалау арқылы үш миллион теңге алғаны белгілі болды.

"Полицияның үш қызметкері қоғамдық тұлға болып табылатын С.-ның жеке өмірінен кейбір фактілерді біліп, материалдық пайда табу үшін қылмыстық келісімге келді", – делінген сот ақпаратында.

Сотталушылар кінәсін мойындамады және оларды ақтауды сұрады, алайда сот үшеуін де кінәлі деп тауып, оларға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Біреуіне алты жыл, қалған екеуіне бес жарым жыл бекітілді.