Орынбор ГӨЗ қазақстандық газды қабылдауды қайта бастады

0
108

19 қазанда Орынбор газ өңдеу зауытында ұшқышсыз әуе аппараты шабуылы салдарынан апат жағдайы туындады.


Орынбор ГӨЗ қазақстандық газды қабылдауды қайта бастады

ERNUR.KZ. Энергетика министрлігі Орынбор ГӨЗ газ қабылдауды қайта бастағанын, Қарашығанақтағы өндіру көлемі қалпына келтіріліп жатқанын мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

Министрлік мәліметінше, шикізат қабылдау уақытша тоқтатылуы мен өндіріс қысқартылуы елдің ішкі нарығын газбен қамтуға кері әсер етпеген.

"Орынбор газ өңдеу зауыты қазақстандық кен орнынан шикі газ қабылдауды қайта бастады. Осыған байланысты жобаның операторы 19 қазандағы оқиғаға дейінгі штаттық деңгейге жету үшін газ өндіру көлемін біртіндеп арттырып жатыр", - деп жазылған Энергетика министрлігі хабарламасында.

Еске салайық, 19 қазанда Орынбор газ өңдеу зауытында ұшқышсыз әуе аппараты шабуылы салдарынан апат жағдайы туындады.