Олар жолда қауіпті маневр жасаған.
Фото: © freepik.com
ERNUR.KZ.Орал қаласында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған той кортежін ұйымдастырушылар айыппұл арқалады. Тас жолда қауіпті маневр жасаған жүргізушілердің әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп жазады Azattyq Rýhy.
Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 18 сәуір күні кешке болған. Кортеж құрамындағы көліктер өзге жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің өміріне тікелей қауіп төндірген.
Бейнебақылау камералары мен полиция қызметкерлерінің жедел іс-қимылының арқасында кортеждегі барлық көлік анықталып, тоқтатылды.
«Тәртіп бұзушылықтар дер кезінде тоқтатылды. Оқиға орнында әкімшілік хаттамалар толтырылып, жүргізушілерге айыппұл салынды», — деп хабарлады мекеме өкілдері.
Полиция департаменті кез келген мерекелік шара немесе қуанышты жағдай жол ережесін бұзуға негіз болмайтынын ескертеді.


