Оралда бала доп ойнап жүріп, тоққа түсті

0
327

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.


Оралда бала доп ойнап жүріп, тоққа түсті

ERNUR.KZ. Оралдық тоғыз жасар бала құрдастарымен доп ойнап жүріп тоққа түсті. Дәрігерлер қазір баланың өмірі үшін күресіп жатыр, деп жазады Zakon.kz.



Оқиға 30 сәуірде Исатай-Махамбет көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласында болған. Куәгерлердің айтуынша, аулада ойнап жүрген балалардың добы электр қосалқы стансасының сымдарына кептеліп қалған. Балалардың бірі оның соңынан ғимараттың төбесіне дейін жеткен, оны сол жерде электр тоғы соққан.

"Бала ауыр жарақат алып, облыстық көпсалалы балалар ауруханасында жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір ауыр жағдайда механикалық тыныс алу аппаратында жатыр. Денесіндегі күйік тері жамылғысының 95 пайызын, төртінші дәрежелі күйікпен қамтыған", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.


Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайы мен егжей-тегжейлерін анықтауда.

Бұған дейін Жаңаөзенде кішкентай бала ойын алаңынан басынан құлап, ауруханаға түскен болатын. Оқиға 8 сәуірде 4-шағын аудандағы No18 және No19 үйлердің арасында орналасқан балалар ойын алаңында болған.