Оралда адамдар өртеніп жатқан моншада қалып қойған

0
67

Ғимараттың жертөле қабатында өрт шыққан.


Оралда адамдар өртеніп жатқан моншада қалып қойған

Бейнеден кадрлар

ERNUR.KZ. Оралдағы Солтүстік-Шығыс-2 шағын ауданында монша кешенінің бу бөлмесінде өрт шықты. Осы кезде моншада адамдар болған, деп жазады tengrinews.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, тоғыз адам өз бетінше эвакуацияланды.

"Алғашқы бөлімшелер келген кезде ғимараттың жертөле қабатында өрт болып жатты. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін ғимараттан 9 адам өз бетінше шығып үлгерді. Құтқарушылар өртті аз ғана аумақта қысқа мерзімде ауыздықтады", - деп хабарлады ведомство.

Құтқарушылар оттың әрі қарай таралуына жол бермей, оқиға зардаптарын шектей алды.

Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.