Олжас Бектенов РФ Новгород облысының губернаторымен шекара маңы және аймақаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

0
330

Новгород облысының делегациясы жұмыс сапары аясында Ұлытау облысына барып, қонақтар өңірдің өнеркәсіптік әлеуетімен танысты.


Олжас Бектенов РФ Новгород облысының губернаторымен шекара маңы және аймақаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Новгород облысының губернаторы Андрей Никитинмен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өңіраралық ынтымақтастық және сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.

Новгород облысының делегациясы жұмыс сапары аясында Ұлытау облысына барып, қонақтар өңірдің өнеркәсіптік әлеуетімен танысты. Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша салынған «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне барды. Биыл Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толды.

Анықтама: Қазақстан өңірлерінің РФ Новгород облысымен тауар айналымы 2024 жылдың 6 айында $19,2 млнды құрады.