Оқушыны мектептен мектепке EGov арқылы ауыстыруға болады

0
104

​Бұл қызмет есептен шығару және бекіту талондарын, сондай-ақ жеке іс құжаттарын тапсыруды талап етпейді.


Оқушыны мектептен мектепке EGov арқылы ауыстыруға болады

фото: Министерство просвещения Казахстана

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрлігі оқушыларды EGov порталы арқылы мектептен мектепке қалай ауыстыруға болатыны жайында нұсқаулық жариялады, деп жазады sputnik.kz.
Ата-аналар мен заңды өкілдер баланы бір мектептен екінші мектепке ауыстыруды eGov.kz порталы арқылы жүзеге асыра алады. Онда тұрғылықты жері бойынша немесе одан тыс кез келген білім беру ұйымын таңдап, өтінішті электронды түрде беруге мүмкіндік бар.

Бұл қызмет есептен шығару және бекіту талондарын, сондай-ақ жеке іс құжаттарын тапсыруды талап етпейді. Өтініш беруші оқу тілін таңдап, қажет болса, өтінішін қайтарып ала алады", - деп жазылған хабарламада.
Бұл қызметті қолдану үшін мына әрекеттерді орындау керек:
eGov.kz порталында тіркелу;
"Білім" → "Орта білім" бөлімінде "Балаларды мектептен мектепке ауыстыру" қызметін таңдау;
Өтінішті толтырып, ЭЦҚ көмегімен қол қою;
Нәтижемен Жеке кабинетте танысу керек.