Неймар коронавирус жұқтырып алды

0
145

Футболшыда алғашқы симптомдар 5 мамырда байқалған.


Неймар коронавирус жұқтырып алды
Фото: Instagram/Neymarjr

ERNUR.KZ. Бразилиялық «Сантос» клубының шабуылшысы Неймар коронавирус жұқтырып, бейсенбіден бастап жалпы топпен жаттығуға қатыспай жүр, деп жазады Azattyq Rýhy.

Үй жағдайында ем қабылдап жатыр

5 мамыр күні Неймарда ауру белгілері байқалғаннан кейін ол дереу командадан оқшауланып, үй жағдайында ем қабылдауға жіберілді. 7 маусымда оның коронавирус жұқтырғаны ресми түрде расталды.

Қайта алаңға шығу мерзімі белгісіз

33 жастағы футболшы белгісіз мерзімге қатардан шығып қалды. Дәрігерлер нақты қашан сауығып кететінін болжай алмай отыр.

Келісімшарт 30 маусымға дейін ғана

Неймардың «Сантоспен» жасалған келісімшарты 2025 жылдың 30 маусымына дейін ғана жарамды. Алайда клуб бұл келісімді ұзарту мәселесіне қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Неймар туралы қысқаша

Неймар — «Сантос» клубының түлегі. Ол «Барселона» сапында ойнап жүріп, екі мәрте Испания чемпионы атанып, Чемпиондар лигасын жеңіп алған. Ал «Пари Сен-Жерменмен» бірге бес рет Франция чемпионы болған.