Nauryz Sale: Қазақстанда мерекелік акция басталады

0
113

Акцияға ішкі сауда саласының шамамен 300 субъектісі қатысады.


Nauryz Sale: Қазақстанда мерекелік акция басталады

Фото: t.me/saudagovkz

ERNUR.KZ. Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстанда 13–23 наурыз аралығында ауқымды республикалық Nauryz Sale акциясы басталады, деп жазады inbusiness.kz.

Шара ішкі сауданы ынталандыруға және ел тұрғындары мен қонақтары үшін бірыңғай мерекелік атмосфера қалыптастыруға бағытталған.

Акция кезеңінде сауда субъектілері халыққа азық-түлік және азық-түлік емес тауар топтарына 10–70 пайыз аралығында мерекелік жеңілдіктер ұсынады. Акциялық тауарлар сауда залдарында арнайы мерекелік навигация және "Nauryz" фирмалық безендіруі арқылы белгіленеді. Атап айтқанда, тақырыптық баға белгілері, брендтелген көрсеткіштер, баннерлер және басқа да POS-материалдар орналастырылып, сатып алушыларға ассортиментте оңай бағдарланып, жеңілдікпен ұсынылған тауарларды жылдам табуға мүмкіндік береді.

Акцияға ішкі сауда саласының шамамен 300 субъектісі қатысады. Олардың қатарында 140 сауда үйі мен сауда-ойын-сауық орталығы, 140 сауда желісі және 20 электрондық сауда субъектісі бар.

Акция аясында отандық өндірушілерді қолдауға ерекше назар аударылады. Сауда орталықтарында қазақстандық өндірушілердің өнімдері ұсынылатын арнайы сату аймақтары ұйымдастырылып, онда тауарлар нарықтағы бағадан орта есеппен 10–20 пайызға төмен бағамен сатылатын болады.

Сауда орталықтарына келушілер үшін мазмұнды интерактивті бағдарлама да қарастырылған. Елдің ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында ұлттық нақыштағы фотозоналар ұйымдастырылады.