Министрлік Roblox ойынының балаларға қауіп-қатері туралы ескертті

0
96

Түркия мен Қатар бұл ойынға толықтай тыйым салған.


Министрлік Roblox ойынының балаларға қауіп-қатері туралы ескертті

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрлігі балалар арасында кең тараған кейбір мобильді ойындардың соңында қаскүнемдер жасырынғанын айтты. Ведомство соңғы кездері Roblox ойыны арқылы сенімге кіріп, жасөспірімдерді алдайтын әрекеттер жиілегенін жеткізді, деп жазады stan.kz.

Министрлік мәліметінше, қаскүнемдер алдымен баланың сеніміне кіріп, кейін әңгімені жабық чаттарға ауыстырады екен. Олар сол жерде кәмелетке толмағандарды қорқытып-үркітуге дейін баратын көрінеді.

Roblox арқылы жасалатын мұндай қылмыстар қазір бірнеше елде кеңінен етек жайған. Түркия мен Қатар бұл ойынға толықтай тыйым салған. Ал Оқу-ағарту министрлігі әзірге ата-аналарды сақ болуға шақырып отыр. Олар бала мінезіндегі тұйықтық, агрессия мен мазасыздықты елеусіз қалдырмауға кеңес беріп жатыр.