«Менің телефоным қайда?»: Шу полициясы түн ортасында трассадан тауып алған бүлдіршіннің анасы қызық реакция танытты (ВИДЕО)

0
115

​Оның ата-анасы баланың үйден шығып кеткенін байқамаған секілді.


«Менің телефоным қайда?»: Шу полициясы түн ортасында трассадан тауып алған бүлдіршіннің анасы қызық реакция танытты (ВИДЕО)

Фото: скриншот

ERNUR.KZ. Кеше, 7 мамыр күні түнде Шу полициясы трассаны патрульдеп жүріп, жалғыз кетіп бара жатқан баланы тауып алған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бүлдіршін өзінің атын, қайда тұратынын айта алмаған. Полиция қызметкерлері оны видеоға түсіріп, жан-жаққа таратқанда, көршілері баланы танып, оның Алға ауылында тұратынын айтқан.

«Полиция баланың мекен-жайын анықтап, үйіне апарды. Анықталғандай, ата-анасы баланың шығып кеткенін білмеген. Ал, үйіне келгенде анасы баланың хәлін емес, телефонын сұраған», - деп жазады видеоны таратқан паблик.

Видеода көрініп тұрғандай, полиция баланы көлік ішінде еркелетіп, атын сұрап жатыр. Ол жыламасын деп жұбатып, анасына апаратындарын айтқан. Полиция қызметкерлерінің бірі бүлдіршіннің үстіне өзінің сыртқы киімін кигізіп әкелгенін көруге болады. Ал, есік алдында оны күтіп алған келіншек баланың амандығын емес, бірінші телефонын іздеген.