Мемлекет басшысына Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның инвестициялық жобалары таныстырылды

0
96

Ұсынылған бастамалардың қатарында Алматы қаласында жергілікті автобөлшектер өндірісін ашу жобасы бар.


Мемлекет басшысына Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның инвестициялық жобалары таныстырылды

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономиканың түрлі саласында іске асырылатын Қазақстан мен Корея Республикасының бірлескен инвестициялық жобалары жөнінде мәлімет берілді.

Ұсынылған бастамалардың қатарында Алматы қаласында жергілікті автобөлшектер өндірісін ашу жобасы бар. Оның аясында отандық автозауыттардың сұранысына сай көліктің бәсеңдеткішін, орындық қаптамасын, еден жабыны мен сымдар будасын, сондай-ақ дөңгелек дискілерін шығару жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына Қостанай қаласында KIA компаниясының Локализация орталығы ашылатыны туралы баяндалды. Онда есік панельдері, орталық консольдар, орындықтар, төбе және еден қаптамалары, бамперлер мен автомобильдің басқа да бөлшектері өндірілмек.

Бұдан бөлек, Президентке медицинада қолданылатын ультрадыбысты диагностика жүйелерін шығару, Алматы қаласында корейлік басқару үлгісі мен заманауи медицина технологиялары қолданылатын көпбейінді аурухана салу, дрондар құрастыру секілді маңызды жобалар көрсетілді.