Мемлекет басшысы Tiryaki Holding компаниясының атқарушы директоры Сүлеймен Тирьякиоғлыны қабылдады

0
119

Мемлекет басшысы компанияның Астана қаласынан бидай мен бұршақты терең өңдеу зауытын салу туралы шешіміне қолдау білдірді.


Мемлекет басшысы Tiryaki Holding компаниясының атқарушы директоры Сүлеймен Тирьякиоғлыны қабылдады

фото akorda.kz

ERNUR.KZ. Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Tiryaki Holding компаниясының атқарушы директоры Сүлеймен Тирьякиоғлы агроөнеркәсіп кешені бағытындағы өзара тиімді және ұзақмерзімді серіктестік мәселесін талқылады.

Мемлекет басшысы компанияның Астана қаласынан бидай мен бұршақты терең өңдеу зауытын салу туралы шешіміне қолдау білдірді.

Өз кезегінде Сүлеймен Тирьякиоғлы аталған жоба еліміздің қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге және жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға ықпал ететінін айтты.

Кездесуде Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау үшін логистиканы тиімді ұйымдастыру, қойма инфрақұрылымын цифрландыру және элеваторларды жаңғырту мәселелері қаралды.

Tiryaki Holding дәнді, майлы дақылдар, жем-шөп өндіру және экспорттау бойынша әлемдегі көшбасшы компаниялардың бірі.