Мемлекет басшысы Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына барды

0
637

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.


Мемлекет басшысы Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына барды

Фото: Ақорда

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға барды.

Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайда Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.
Осыған дейін Мемлекет басшысының Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен 31 шілде — 1 тамыз күндері Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға сапармен баратыны туралы айтылған болатын.