Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

0
140

Президент қаза тапқандардың туған-туыстарының сабырға келуіне және із-түссіз жоғалған жандардың тез арада отбасыларына оралуына тілектестігін білдірді.


Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Қазақстан халқының және өзінің атынан Президент Абелардо де ла Эсприэльяға және оның отандастарына көңіл айтты.

Президент қаза тапқандардың туған-туыстарының сабырға келуіне және із-түссіз жоғалған жандардың тез арада отбасыларына оралуына тілектестігін білдірді.