Мемлекет басшысы Integra Construction KZ бенефициар меншік иесі Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады

0
48

Мемлекет басшысы ел экономикасы үшін мәні зор жобаларды сапалы әрі уақтылы орындаудың маңызды екенін атап өтті.


Мемлекет басшысы Integra Construction KZ бенефициар меншік иесі Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады

Мемлекет басшысы Integra Construction KZ бенефициар меншік иесі Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және өндірістік, тұрғын үй, әлеуметтік нысандарды салу жөнінде баяндалды.

Сондай-ақ Президентке компанияның құрылыс пен темір жол салаларында іске асырып жатқан халықаралық бастамалары туралы ақпарат берілді.

Мемлекет басшысы ел экономикасы үшін мәні зор жобаларды сапалы әрі уақтылы орындаудың маңызды екенін атап өтті.

Шахмұрат Мүтәліптің айтуынша, Integra Construction KZ бірқатар әлеуметтік жобаны қолға алған. Мәселен, компания Алматы қаласындағы «Бағанашыл» балалар үйін 5 миллиард теңге жеке қаражаты есебінен қайта жөндеуді бастады.

Сонымен қатар Президентке Қазақстан боксының қазіргі жай-күйі мен жетістіктері, оның ішінде ұлттық құраманың нәтижелері, 2028 жылғы Олимпиада ойындарына дайындық жоспары мен келесі жылға қойылған міндеттер жайында мәлімет берілді.