Қасым-Жомарт Тоқаев «Әл-Азһар» ұстанымдары еліміздің бейбітшілік саясатына толық сай келетініне, оның бастамалары жалпы адамзат өркениетінің бірлігін нығайта түсетініне тоқталды.
ERNUR.KZ. Президент мейманға ілтипат танытып, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне қатысу үшін Астанаға келгеніне ризашылық білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Әл-Азһар» ұстанымдары еліміздің бейбітшілік саясатына толық сай келетініне, оның бастамалары жалпы адамзат өркениетінің бірлігін нығайта түсетініне тоқталды. Мемлекет басшысының пікірінше, Астанада өтіп жатқан Съезд – Қазақстанның дінаралық келісімді нығайту жолындағы табанды саясатының көрінісі. Ал діни көшбасшылардың басқосуы – жай ғана кездесу емес, нақты шешімдер қабылданатын маңызды платформа.
Мұхаммед Абдурахман Әл-Дуайни «Әл-Азһар» университетінің Жоғарғы имамы шейх Ахмет ат-Тайебтің ізгі сәлемін жеткізіп, Съездің әлемде бейбітшілікті орнықтыруға қосқан үлесін жоғары бағалады.