Жаңа мектептер құрылысының барысы, жөндеу жұмыстары және қолданыстағы білім беру ұйымдарының оқушыларды қабылдауға дайындығы қаралды.
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова барлық өңірдің білім басқармаларының басшыларымен жаңа оқу жылына дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп жазады inform.kz.
Жаңа мектептер құрылысының барысы, жөндеу жұмыстары және қолданыстағы білім беру ұйымдарының оқушыларды қабылдауға дайындығы қаралды.
— Кеңес қорытындысы бойынша өңірлерге жұмыстардың мерзімі мен сапасын бақылауды күшейтіп, білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына толық дайындығын қамтамасыз ету тапсырылды, — делінген хабарламада.
Осыған дейін жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа баратынын жазғанбыз.


