Сондай-ақ 2024 жылдан бастап ауылдық елдімекендерге жұмысқа келетін өткір тапшылық мамандықтары бойынша медицина қызметкерлеріне 100 ең төменгі жалақы мөлшерінде – 8,5 млн теңге біржолғы ақшалай төлемді көздейтін норма енгізілді.
ERNUR.KZ. ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында өңірлердегі кадрлық қамтамасыз ету мәселесіне, әлеуметтік қолдау шаралары жайында айтты.
«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген медицина қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілуде, сонымен қатар жас мамандар көтерме жәрдемақы, ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үйге несие, еңбекақыға қосымша төлемдер және түрлі әлеуметтік қолдау түрлерін (мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды басым тәртіппен беру, қаза тапқан немесе мүгедектік алған медицина қызметкерлерінің балаларын ЖОО-ға конкурссыз қабылдау, жол жүру шығындарын өтеу) қоса алғанда, елеулі жеңілдіктер алады.
«Сондай-ақ 2024 жылдан бастап ауылдық елдімекендерге жұмысқа келетін өткір тапшылық мамандықтары бойынша медицина қызметкерлеріне 100 ең төменгі жалақы мөлшерінде – 8,5 млн теңге біржолғы ақшалай төлемді көздейтін норма енгізілді. Бұған қоса, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мақсатында дәрігерлердің мәртебесі мен әлеуметтік жағдайын арттыру бөлігінде Министрлік және облыс әкімдері «Отбасы банкпен» бірлесіп, 2026 жылы, әсіресе кадр тапшылығы өте жоғары өңірлерде дәрігерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етуді қарастырып жатыр», – деп түйіндеді вице-министр.