​Мәулен Әшімбаев: Мемлекеттің экономикалық реформаларының негізгі мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын арттыру

0
90

Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру екенін ерекше атап өтті.


​Мәулен Әшімбаев: Мемлекеттің экономикалық реформаларының негізгі мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын арттыру

ERNUR.KZ. Мәулен Әшімбаев: Мемлекеттің экономикалық реформаларының негізгі мақсатыхалықтың өмір сүру сапасын арттыру.

24KZ телеарнасының «Бетпе-бет» бағдарламасында ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев елімізде жүзеге асып жатқан экономикалық реформалардың мақсаты туралы айтты. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру екенін ерекше атап өтті.

«Еліміздің бұдан былайғы орнықты дамуы және экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін нарықтық реформалар жүргізу қажет. Осылайша, халықтың өмір сүру деңгейі артады. Жалақының, халықтың табысының өсуі қамтамасыз етіледі, жұмыс орындары ашылады, өнеркәсіп көлемі ұлғаяды. Сондықтан мемлекеттің экономикалық реформаларының мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын арттыру», - деді Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев.