Маскаттан тағы 314 қазақстандық ұшып келді

0
88

Бұған дейін Air Astana Медина мен Джидда қалаларынан рейстер орындады.


Маскаттан тағы 314 қазақстандық ұшып келді

фото: предоставлено Комитетом гражданской авиации

ERNUR.KZ. Қазақстандық SCAT әуекомпаниясы Boeing 767 әуе кемесімен Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша DV5361 рейсін орындады, деп жазады sputnik.kz.
"Қазақстанға балалы жолаушыларды қосқанда 314 адам жеткізілді", - делінген хабарламада.
Комитет Қазақстан азаматтарын қайтару жөніндегі жұмыс мүдделі мемлекеттік органдармен және авиатасымалдаушылармен келісе отырып жалғасып жатқанын айтты.
Бұған дейін азаматтық авиация комитеті Air Astana әуекомпаниясы Медина мен Джидда қалаларынан 142 адам Ақтауға, 498 жолаушы Атырауға түрлі борттармен ұшқанын хабарлаған болатын.