Мектеп оқушыларының тәртіпсіздігі Мұнайлы ауданында тіркелген.
Фото: Бейнежазбадан
ERNUR.KZ. Олардың жаға жыртысып, бір-бірімен төбелескен сәті әлеуметтік желілерге кеңінен тарап кетті, деп жазады inbusiness.kz.
Полиция департаменті қатысушыларды тез арада анықтаған.
Төбелескен қыздардың 2011, 2012 және 2013 жылы туған дер екені анықталып, олар ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді.
– Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына өз балаларының тәрбиесі мен оқуы бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны, олардың мінез-құлқына тиісті бақылау жасамағаны және құқықбұзушылыққа жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелді. Оқиға бойынша материал жасақталып, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданатын болады. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, осы оқиғаға қатысы бар барлық тұлға профилактикалық есепке қойылды.