Маңғыстауда Джеки Чан қатысатын фильмнің түсірілімі басталды

0
143

Бұл – Қазақстан киноиндустриясы үшін тарихи маңызы зор жоба әрі еліміздің әлемдік кинематографиядағы беделін арттыратын маңызды оқиға.


Маңғыстауда Джеки Чан қатысатын фильмнің түсірілімі басталды

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

ERNUR.KZ. Маңғыстауда халықаралық «Armour of God: Ultimatum» фильмінің түсірілімі басталды Маңғыстау облысында халықаралық «Armour of God: Ultimatum» көркем фильмінің түсіріліміне ресми түрде старт берілді. Әлемге әйгілі актер Джеки Чан қатысып жатқан жобаның мақсаты – Қазақстанның табиғи көрікті жерлеріне әлемдік аудиторияның назарын аудару, деп жазады inform.kz.

Бұл – Қазақстан киноиндустриясы үшін тарихи маңызы зор жоба әрі еліміздің әлемдік кинематографиядағы беделін арттыратын маңызды оқиға.

Жобаның басталуына арналған салтанатты рәсімде фильмнің режиссері Роберт Кун мен әлемге әйгілі актер Джеки Чан кинематографиядағы қалыптасқан дәстүрге сәйкес арнайы кинотарелканы сындырып, жаңа туындының түсірілім жұмыстарына ресми түрде жол ашты.

Маңғыстау облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, фильмнің негізгі көріністері Маңғыстау өңірінің бірегей табиғи нысандарының бірі – Бозжыра шатқалында түсіріледі.

Халықаралық шығармашылық топ ауқымды түсірілім жұмыстарын жүргізіп, Қазақстанның табиғи әлеуетін әлемдік аудиторияға танытатын жаңа кинотуындыны өмірге әкелмек.

Бұл жоба отандық киноиндустрияның дамуына жаңа серпін беріп қана қоймай, Қазақстанды халықаралық киножобаларды жүзеге асыруға қолайлы алаң ретінде танытуға және ұлттық кино өндірісінің әлемдік деңгейдегі ықпалдастығын күшейтуге мүмкіндік береді.