​Маңғыстау облысында жасөспірім қыздар арасындағы төбелес жұрттың жағасын ұстатты

0
231

Желіде оқушы қыздар арасындағы қиян-кескі төбелестің видеосы тарап кетті.


​Маңғыстау облысында жасөспірім қыздар арасындағы төбелес жұрттың жағасын ұстатты

фото: Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында жасөспірім қыздардың көшедегі кезекті төбелесі видеоға түсіп қалды. Қақтығыстың себебі белгісіз, бірақ жасөспірімдер қазір тергеуде, деп жазады stan.kz.
Желіде оқушы қыздар арасындағы қиян-кескі төбелестің видеосы тарап кетті. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 18 қазанда Жаңаөзен қаласында болған.
Төбелеске қатысушылар анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Кәмелетке толмағандардың заңды қамқоршылары Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабы “Балаларын тәрбиелеу мен оқыту бойынша өз міндеттерін тиісінше орындамау” бойынша жауапкершілікке тартылды. Оларға 10 АЕК (39 320 теңге) айыппұл салынады.

Материал кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданып, жасөспірімдердің өздері профилактикалық бақылауға алынды.

Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстау облысында төбелес болып, жасөспірім қаза тапқан еді.