Маңғыстау облысында үйлену тойынан кейін төбелес болып, бір адам көз жұмды

0
96

​Оған қатысты іс сотта қаралып, үкім шықты.


Маңғыстау облысында үйлену тойынан кейін төбелес болып, бір адам көз жұмды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында ер адам тойдан кейін қонағымен төбелесіп, соңы өлімге ұласты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Соттың мәліметінше, оқиға той аяқталған соң болған. Мерекеге келген қонақ, азамат Т., достарын үйіне шақырған. Сол жерде оның және қонақтардың бірі арасында жанжал туып, үй иесі ер адамның басынан ұрған. Алған жарақатынан қонақ оқиға орнында көз жұмды.

«Жаза тағайындау кезінде сот жеңілдететін мән-жайларды анықтаған жоқ. Ауырлататын мән-жай ретінде қылмыстың мас күйінде жасалғаны танылды», – деді сотта.

Сот үкімімен Т.-ға 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.